«Малашевич» ЖК Астанада 2003 жылдан бері баспа өнімдерін, жарнамалық бұйымдар мен кәдесыйлар шығарады. Дайын бұйымдарға логотип түсіреміз.

Визитка, буклет, флаер, жапсырма мен заттаңба басамыз. Бейдж, тақтайша, нөмір, төсбелгі, магнит, акрил кәдесыйлар мен лототрондар жасаймыз.

Цифрлық, сольвентті және УК-баспа, лазерлік таңбалау, ою және кесу технологияларын қолданамыз.

Материал мен жасау тәсілін тапсырысқа қарай таңдаймыз. Макет немесе фото жіберіңіз, таралымын, бағасын және мерзімін бірге нақтылаймыз.

Біз шығаратын өнімдер

Визитка, үнпарақ, флаер, буклет, брошюра және каталог басамыз. Кітап, блокнот, күнтізбе, ашықхат, шақыру билеті, сыйлық сертификаты, диплом, грамота, фирмалық бланк, папка, конверт, мәзір, баға көрсеткіші, затбелгі, билет, плакат пен афиша дайындаймыз.

Астанада жарнамалық, ақпараттық, таңбалау және сәндік жапсырмалар басамыз. Тауарға, қаптамаға, бөтелкеге, құтыға және косметикаға арналған заттаңбалар мен стикер жинақтарын жасаймыз.

Магнитпен немесе түйреуішпен тағылатын атаулы бейдждер, соның ішінде есімді ауыстыруға болатын үлгілер жасаймыз. Кеңсеге, есікке және үстелге арналған тақтайшалар, бағыттауыштар, жұмыс уақыты көрсетілген маңдайшалар, киімілгіш нөмірлері мен кілт салпыншақтарын дайындаймыз.

Тоңазытқыш магниттері, салпыншақтар, престелген және шайыр құйылған төсбелгілер, медальдар, қабырға сағаттары, акрилден жасалған марапаттар мен 3D-кәдесыйлар.

Акрил мен АБС-пластиктен мәзір және баға ұстағыштарын, QR-тұғырларды, үстел тақтайшаларын, косметика сөрелерін, қалқандарды, мөлдір жәшіктерді, қораптар мен құрылғы корпустарын жасаймыз.

Бұйымдарға логотип түсіру

Қаламға, қарындашқа, күнделікке, блокнотқа, визитка салғышқа, флешкаға, сыртқы аккумуляторға, оттыққа, саптыаяққа, термосқа, металл ыдысқа және хоккей шайбасына логотип, есім не сурет түсіреміз.

Қолданылатын технологиялар

Цифрлық, кең форматты экосольвентті және тікелей УК-баспа, лазерлік ою мен кесу, плоттермен кесу, ламинаттау, бүгу сызығын салу, бүктеу және баспадан кейінгі өңдеу.

Жапон және америкалық өндірушілердің кәсіби жабдықтарын қолданамыз. Өз өндірісіміз әр кезеңдегі сапаны бақылауға және тапсырысты жедел орындауға мүмкіндік береді.

Тапсырыс бойынша қызметтер

Тапсырыс берушінің дайын бұйымдарына сурет басамыз, кәдесыйларға жазу оямыз, парақ материалдарын лазермен кесеміз. Үлдірді, қағаз бен картонды контур бойымен кесеміз.

Астанадағы жарнама және полиграфия өндірісі. Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істейміз, құжат ұсынамыз.

1.Полиграфиялық қызметтер

Басты бетке өту