Акрил мен АБС-пластиктен мәзір және баға ұстағыштарын, QR-тұғырларды, үстел тақтайшаларын, косметика сөрелерін, қалқандарды, мөлдір жәшіктерді, қораптар мен құрылғы корпустарын жасаймыз.Сызба бойынша трафарет, торт топпері және сәндік конструкциялар дайындаймыз. Лазермен кесу, УК-баспа, ою, қыздырып ию, желімдеу және құрастыру әдістерін қолданамыз.Эскизін, өлшемін, санын және қолданылатын жерін жіберіңіз. Материалдың қалыңдығын, бекіту және құрастыру тәсілін келісеміз.
6.1/28G&B Grill & Bar логотипі ойылған Reserved үстел тақтайшасы